10:51, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА-АҚОРДА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының Заңы
Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді ратификациялау туралы
Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы ақпанның 17-сі.
№137-ІV ҚРЗ