Елбасы кеден органдарына жүк жеткізуді бақылау жүйесін енгізуді жеделдетуге тапсырма берді
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеден органдарына жүк жеткізуді бақылау жүйесін енгізуді жеделдетуге тапсырма берді. Аталған міндетті Мемлекет басшысы Ақордада ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткен кеңесте жүктеді.
Маңызды мәселелердің бірі кеден органдары қызметінің тиімділігін арттыру екендігі белгілі. Осы орайда Мемлекет басшысы экспорттық-импорттық операцияларды электронды декларациялауға көшу және біріктірілген кедендік тариф, «web-портал» мен кеден органдары шлюзі жүйесін енгізу маңыздылығын баса айтты. Сонымен қатар жүктерді жеткізуді бақылау жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды