13:32, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы келісімшарт бойынша қызметке алынған әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін нығайтуға бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА-АҚОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл Заң келісімшарт бойынша қызметке алынған әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебелерін нығайту және келісімшарт бойынша әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталып отыр. Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.