Елбасы кен орындарын барлауға қатысты жұмысты жандандыруды тапсырды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кен орындарын барлауға қатысты жұмысты жандандыруды жүктеді.
None
None

Сөз арасында Мемлекет басшысы кен орындарын барлау туралы соңғы уақытта жиі айтыла бастағанын, бұндай барлау жұмыстарының еліміз үшін маңызды екенін атап өтті. «Біз - өндіруші мемлекетпіз. Бізде басқа мемлекеттер секілді барланған қорлардың жеткілікті өсімі жоқ. Әлі күнге дейін жер пайдалану құқығын ұсынуға қатысты бірде-бір конкурс өткен жоқ, халықаралық инвестицияны тартуға бірде-бір келісім жасалған жоқ. Жақсы инвесторлар бар, олар кедергі көп екенін айтып жатыр. Сондықтан да нәтиже жоқ», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық бағдарламаларды қайта қарап шығып, қаражаттың басым бөлігін ең маңызды әрі басымдыққа ие бағытқа салу қажеттігін айтты.

«Балқашта ЖЭС салуға қатысты келісімді Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентімен кездесуімнен кейін, бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз. Әлі күнге біз стансаның тәулігіне 300 вагон көмірді қалай тұтынатынын біле алмай далмыз. Онда мыңдаған адам қалай жұмыс істейді? Қанша қаражат қарастырылды?» - деді Н. Назарбаев. Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған мәселеде пайдаланылатын отын түрі бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтқан болатын.

«Бұны сөзбұйдаға салудың қажеті шамалы, іске кірісу керек. Парламент кеше ғана осыны қарастырды. Дегенмен, онда да сөз көп. Ондайды доғару керек. Балқаш ЖЭС-і бізге солтүстік пен оңтүстікті реттегіш ретінде де аса қажет», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар