Елбасы кейбір заңнамалық актілерге өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Елбасы кейбір заңнамалық актілерге өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.