Елбасы кейбір заңнамалық актілерге ветеринария мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.