Елбасы ҚХА қамқорлығымен жалпыұлттық «Үлкен ел - үлкен отбасы» акциясын ұйымдастыруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің халқымызда түрлі радикалды қатерлер мен арандатуларға қарсы иммунитет пайда болды. Бүгін Астанада «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ҚХА Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы ахуалды әрдайым байқап отыруы керектігін, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен алдын алу шараларын қабылдауы керектігін атап өтті.
«Ассамблея үшін оның мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыруға қатысуына, жалпы мемлекеттік міндеттердің кешенін шешуге барша этностарды жұмылдыруға арнайы бағдарма әзірленуі тиіс. Бізге Ассамблея қамқорлығымен жалпыұлттық «Үлкен ел - үлкен отбасы» акциясын ұйымдастыру қажет»,-деді Н. Назарбаев.