Елбасы кітапханасында «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды. Оның аясында көрермендерге кітапхана қорының бірегей жинағындағы Құранның  араб тіліндегі, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тілді нұсқаларының 55 данасы ұсынылады, деп хабарлайды аталған кітапхананың баспасөз қызметі.

Аталмыш көрменің басты ерекшелігі - кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардың,  XVIII-XIX ғғ. жазылған түпнұсқа қолжазбалардың көрсетілуінде.
null

Олардың көбісі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде тарту етілген. Әр кітап мұқабасының сыртқы келбеті көркемдік, зергерлік және каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.
null

Ашық ғарышта, «Мир» халықаралық ғарыш бекетінде болған Құран басылымы ­-­­­­ топтамадағы ерекше жәдігерлердің бірі. Оны Мемлекет басшысына отандық ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram