16:57, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Елбасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңына сәйкес келтіруге және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды» делінген хабарламада.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.