14:50, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Елбасы «көлеңкелі экономикамен» күрес қарқынын сынға алды
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Көлеңкелі экономикамен» күрес бойынша жұмыстардың қарқынын сынға алды.

«Көлеңкелі экономика» бойынша көп айтылды, осы бағыттағы жұмыстар созылып барады. Бұл тұрғыда тиісті жұмыстар қабылданса да, оны орындаудың динамикасы жоқ. Мен алкоголь айналымына қадағалауды күшейту туралы нақты тапсырма берген болатынмын. Осы орайда арнайы заң жобасы әзірленді. Алайда бұл заң жобасын енгізу 2015 жылға кейінге қалдырылған», - деп қадай айтты Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан бүгінде алкогольді пайдалану бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде екенін айта келе, маскүнемдікпен күрес бағытында алкогольдік ішімдіктерге әлемдік тәжірибеге сәйкес баға мен салықты арттыру керектігін, сондай-ақ сату орны мен уақытын барлық жерде шектеу керектігін айтты.