12:27, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Елбасы көлік мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы отандық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, көлік саласындағы инфрақұрылым мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.