19:18, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Елбасы көлік мәселелері бойынша ҚР Заңына өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев көлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы су, автомобиль, теміржол және қалалық рельсті көлігінде бақылау жүйесін жақсартуға, теңіз ортасын қорғауды күшейтуге және теңізде жүзу қауіпсіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ қазақстандық құрғақ жүк тасу флотын дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген таратылған хабарламада.
Заңның мәтіні БАҚ-та жарияланады.