Елбасы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Корея Республикасы павильонының ашылу рәсіміне қатысқаны үшін ризашылық білдірді,

«Сіз Корея Республикасының Президенті болған кезде елдеріміздің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін көптеген жұмыс атқарылды», - деді Қазақстан Президенті.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың мәселелерін қарастырып, оның аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.