Елбасы көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.