15:45, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Елбасы ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңырда» зымырандарды жіберу кезінде авария болған жағдайдағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы ҚР мен РФ арасындағы «Байқоңырда» зымырандарды жіберу кезінде

авария болған жағдайдағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.