13:18, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
Елбасы ҚР мен РФ арасындағы ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан обьектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады