Елбасы ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы мұнай жеткізілімі саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мұнай мен мұнай өнімдері саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Елбасы ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы мұнай жеткізілімі саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.