19:41, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Елбасы ҚР Президенті Әкімшілігіне Кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтауды жүктеді
қпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ҚР Президенті Әкімшілігіне Кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтауды жүктеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Процедуралық мәселелерге келетін болсақ, мен ҚР Президенті Әкімшілігіне Кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамын жасақтауды жүктеймін. Біз бұрыннан қызмет етіп отырған ҚР Президенті жанындағы екі консультативтік органды - Ұлттық инвесторлар кеңесі және Кәсіпкерлер кеңесін біріктіріп жаңа кеңес жасақтайтын боламыз. Бұл ретте жасақталатын жаңа кеңес қазіргі таңда көтеріліп отырған мәселелер бойынша белсенді диалог алаңына айналатын болады», деді Елбасы.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Кеңестің келесі жиынында Кеден одағы және туындауы мүмкін жаңа қауіп-қатерлер туралы мәселелер талқыланатынын атап өтті.