Елбасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы қабылдады
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
В.Божко Президентті министрліктің ағымдағы жұмысы және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, министр Көксарай қарсы реттеуішінің құрылысына арналған істің ахуалы туралы, сондай-ақ мамандар әлеуетін дамыту, ведомствоның инфрақұрылымы, бюджеттік қаржыландыру мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады.