Елбасы ҚР Ұлттық Банкінің 2013 жылғы есебiн бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2013 жылғы есебi бекiтілді.
ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды. ***
ҚР Президентінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 822 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2013 жылғы есебiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2013 жылғы есебiн қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2013 жылғы есебi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 2013 жылғы есептi жарияласын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев