Елбасы: Күрделі кезеңге қарамастан халықаралық қаржы институттары елімізге 9 млрд. доллардың ресурсын ашып отыр
Жолдау барысында Елбасы Қазақстанның халықаралық байланыстарына да тоқталып өтті.
«Жапония Премьер-Министрінің елімізге сапары инвестициялық технологиялық ынтымақтастықты кеңейте түседі. Бізге қазақстандық брендті дамытуға алғаш рет «Тойота» концерні қадам басып отыр. Оның өзі де халықаралық қаржы инстиуттарының Қазақстанға деген сенімін білдіреді. Бүгінгідей күрделі заманда, қаржы көздері тарылып тұрған кезеңде біздің жариялаған бағдарымызға қолдау ретінде халықаралық қаржы инстиуттары бізге 9 млрд доллардың ресурстарына қолжетімділікті ашып отыр», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Президент Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастық және әріптестікті тереңдету туралы келісімшарт жасағанын айтып өтті.
«Біз бүкіл әлеммен ядролық қаруды таратпау үшін біргеміз. Терроризммен, экстремизммен күресте де біргеміз», - деді сөз соңында Н. Назарбаев.