Елбасы құрылыс саласында сәулет-құрылыс жұмыстарын бақылау функциясын күшейтуді тапсырды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі құрылыс саласында сәулет-құрылыс жұмыстарының бақылау функциясын күшейтуді тапсырды.
None
None

«Орталық деңгейінде сәулет-құрылыс бақылау функциясын нығайтуымыз керек. Лицензиялауды да осылай істеу керек. Әрине, бір жерде лицензиялау болуы керек болса, енді бір жерден бұны алып тастап жатырмыз. Әйтсе де, бұнда баяғы секілді санын соғып алданып қалған үлескерлердің мәселесін қайта туғызбау керек. Қай компания салатынын, оның қандай лицензиясы бар екендігін біліп отыру маңызды. Бүгінгі күні әкімдіктер өздері салады, өздері сапасын қадағалайды, сосын өздері сол нысандарды қабылдап алады. Әрине, сапасы дұрыс болса, бақылау жоғары болса бұған ешкім де қарсы болмас еді», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар
Референдум