Елбасы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге бағытталған құжатқа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.