Елбасы қырғыз елінің көрнекті мемлекет қайраткері Т.Үсібәлиевтің қайтыс болуына байланысты А. Атамбаевқа көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа сол елдің көрнекті мемлекет қайраткері Тұрдақын Үсібәлиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Елбасы қырғыз елінің көрнекті мемлекет қайраткері  Т.Үсібәлиевтің қайтыс болуына байланысты А. Атамбаевқа көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның көрнекті басшыларының бірі, халқының ұлтжанды азаматы дүниеден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы республикаға басшылық жасаған кезінде кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері арқылы көпшіліктің құрметіне бөленген Т.Үсібәлиевтің бауырлас елді нығайту мен өркендету ісіне мол үлес қосқанын атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Т.Үсібәлиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.