Елбасы «Қыз Жібек» операсының премьерасында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қыз Жібек» операсының премьерасында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Қыз Жібек» операсының премьерасында болды

Ұлттық алтын қордағы мұра - Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы Үлкен зал сахнасында қойылды.

Операның либреттосын Жібек пен Төлегеннің трагедиялық махаббаты туралы халықтың осы аттас лиро-эпостық поэмасының желісімен көрнекті драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Әлеуметтік жағдайы әрқилы екі ру өкілінің трагедиялық махаббаты арқау болған жыр жолдарынан көшпелі қазақтың рухани өмірі, ойы мен арман-мұңы көрініс табады.
 Қойылымның музыкалық жетекшісі және қоюшы дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қоюшы режиссері - Михаил Панджавидзе (Беларусь).