Елбасы магистральді құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгертілген заңға қол қойды
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Магистральді құбыр және салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Ол «Магистральді құбыр туралы» Заңға сәйкес орындалуына және салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.