Елбасы Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін ұзартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды»,-делінген хабарламада.