Елбасы мақаласы болашағымыздың көкжиегін айқындауға жол ашады - Көкшетау ғалымдары
Шараға білім ордасының оқытушылары мен студенттерінен бөлек, қоғам өкілдері де қатысты. Олардың арасында мұражай, білім саласы тәрізді көптеген салалардың өкілдері болды. Танымдық кездесуде ұйымдастыру идеясына Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы қолдау білдірді.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев мақаланың тарихи маңыздылығын тоқталды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзекті және уақтылы жарияланып отыр. Бұл бізге өткеніміз бен бүгінгімізді саралап, ертеңіміз бен болашағымыздың көкжиегін айқындауға жол ашады. Мақаланың басты идеясы өз тарихына деген еуропашылдық көзқарастан арылу болып табылады. Бұл ғылыми фактілерге сүйене отырып, терең және күрделігіне қарамастан қазақ халқы мен ұлттық тарихының бастауын түсінуге көмектеседі», - деді университет ректоры.
Сондай-ақ, «Ұлы даланың - Ұлы тұлғалары» тақырыбында баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуовтың ойы да бір жерден шықты. Ол өз сөзінде қазақтардың арғы тегі тарихтың бағытын өз елінің аумағында ғана емес, сыртта да өзгерткенін атап өтті.
«Біздің мақтан тұтатын тұлғаларымыз аз емес. Олардың арасында Абылай хан, Үмбетей жырау, Кенесары, Шоқан Уәлиханов бар», - деді Қадыржан Әбуов.
Ғалым қазақ халқының тарихына деген қызығушылық ғалымдар әлемін ғана емес, өзге елдердің туристерінің бойында да қалыптастатынына сенімді. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, отандық тарих және «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі Қанат Базаров «Ұлы дала-әлемдік өркениет бесігі» тақырыбында өзінің пікірімен бөліссе, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Есмағұлов бірнеше ауданға ұйымдастырылған архелогиялық саяхат кезінде студенттер өздерінің Ұлы тарихын қалай танып жатқандығы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, философия ғылымдарың кандидаты, доцент Рауза Абдулина, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Марат Өтегенов, жалпы тарих кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі Ғалымтай Төлепбергенов және орыс филология және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы Сапар Қасенов Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, тарихи сананы жаңғыртуды жан-жақты талдап, терең философиялық толғам жасағанын тарихи деректер келтіре отырып жеткізді.
«Ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың маңызы зор. Қазақстан қай жағынан алса да бренд болуы тиіс. Мысал ретінде қазақтың әр ауылында өндірілетін ұлттық сусынымыз қымызды алуға болады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерін дамытуға да көп көңіл бөлуіміз қажет», - деді Ғалымтай Төлепбергенов.
Шарада қатысқан Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева университет ғалымдарының Елбасы мақаласын жіктеп айтып бергені үшін алғысын айта келе, еліміздің келешек жастарының санасына жеткізуде өлшеусіз үлес қосатындықтарына сенім білдірді.
Конференция қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ақмола облысы ғалымдарының атынан үндеу қабылданды.