Елбасы мақаласы тарихымызды зерттеудің нақты бағдары - Наталья Карагеур

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жастар үшін ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің бастауын зерттеудің нақты бағдары болып табылады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штабының басшысы Наталья Карагеур айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Президент 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Оның үстіне  Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жастар үшін ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің бастауын зерттеудің нақты бағдары болып табылады», - деді Наталья Карагеур.

Жастар белсендісі сондай-ақ, биылғы жылдың 15 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Президенттің аталған мақаласының шығуын болжап және «Рухани жаңғыру» көлемді бағдарламасының аясында жаңару, ұлттық мәдениет, тіл және дәстрүрлерді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға көмектесіп, өз белсенділігін танытып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің тұрмыс-салт мұрасы» тарихи-экологиялық жобасының аясында Астана қаласының жастары бізді ата-бабаларымыздың мәдени және рухани мұрасымен байланыстырып отырған маңызды жерлерге барды. Біз Ақмола облысында болып, әрбір қазақстандыққа таныс ұлы адамдардың жерленген орындарына бардық. Олардың арасында шығармалары классикалық халық музыкасының алтын қорында сақтаулы ақын әрі композитор Біржан сал бар. Қазақ халқының тағы бір ұлы өкілдерінің бірі - атағы шыққан палуан Балуан Шолақ жерленген Бұланды ауданында болдық. Президенттің өз мақаласында атап өткендей, «Ұлы даланың ұлы есімдері» бұрыннан-ақ жалпыланып, ортақ тарихымыздағы көрнекті тұлғалардың арасында орын алған», - деп атап өтті Наталья Карагеур.

Оның айтуынша, Астана қаласы жастарының белсенді қатысып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының тағы бір көлемді жобасы - «қазақтану» жобасы. Ол қазақ халқының мәдениеті, тілі, тарихы, этикасы, тұрмыс ерекшеліктерін дәріптеуге бағытталған. Осылайша, ҚХА-ның Алматы облысындағы жазғы жастар лагерінде түрлі халық өкілдері қазақ халқының дәстүрлерімен танысты.

«Қыздар құрт әзірлеу технологиясын меңгеріп алса, бозбалалар көшпелі қазақтардың дәстүрлі үйі - киіз үйді орнатудың қыр-сырын үйренді. «Қазақтану» жобасы жастарға қазақ мәдениеті, тарихы және дәстүрлерінің байлығын танып, көшпелі халықтың көпғасырлық философиясын түсінуіне мүмкіндік беріп отыр. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының астарында Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің құпиясы жатқанын астарлайды», - деп қосты Н.Карагеур.

Оның пікірінше, Мемлекет басшысы өз мақаласында нақты тарихи фактілер негізінде ата-бабалардың ұлттық құндылық сезімдерін көрсетеді.

«Михаил Ломоносовтың: «Өз тарихын білмеген халықтың болашағы жоқ» деген танымал сөздерін еске ала отырып, біз - Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Елбасымыздың үлгісімен халқымыздың тарихын тануға, сақтауға, оны еліміздің әрбір жас азаматына жеткізуге тырысып отырмыз деп қосқым келіп отыр», - деп түйіндеді сөзін ол. 

Соңғы жаңалықтар