Елбасы мақаласы ұлттың жаһандық тарихтағы рөлін сезінуге жол ашады - Қарағанды облысының ұжымдары

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген мәселелер  ұлтымыздың жаһандық тарихтағы рөлін сезінуіне жол ашады. Теміртау мәдениет және демалыс бағының, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері осындай пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мақалада Қазақстан көпғасырлық тарихқа, ежелгі салт-дәстүрлерге ие ел екендігін дәлелдейтін тарихи фактілер келтіріліп, оларды ұмытпай, келешек ұрпақты өз мемлекетінің тарихын мақтан ететіндей тәрбиелеу керектігі айтылады.

Атап өтілгендей, Ұлы Жібек жолы халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуына орнықты платформа болды. Ұлы Жібек жолының тарихы бүгін де халықаралық ауқымда экономикалық өркендеу мен мәдени өрлеуге септігін тигізіп отыр.  Біздің металлург ата-бабаларымыз әлемдік қоғамдастық үшін технологиялық прогресті жылдамдату мүмкіндіктерін ашты. Сонау бай тарихи мұраның мұрагері болып отырған заманауи Қазақстан қазіргі әлем тарихынан ойып тұрып орын алады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымының жиналысында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихшыларға, мәдениет қызметкерлеріне өте жақын әрі түсінікті екені айтылды. Қазақстанның ұшан-теңіз тарихи мұрасын кеңінен насихаттау қажет, Елбасы да осыған баса назар аударып отыр. Бұлтартпас ғылыми фактілерге негізделген мақала ұлтымыздың жаһандық тарихтағы орнын сезінуіне жол ашады. «Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді», - деген ой түйінінің маңызы зор. Ата-бабаларымыздың көпғасырлық мұрасын өзекті еткен, оны цифрлық өркениет жағдайында сұранысқа ие еткен «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасының бүкіл маңызы осы сөздерде жатыр.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің магистранттары үшін Елбасының «біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деген сөздері ерекше құнды болды.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, халқымыз мәдениетінің тарихи көкжиегін кеңінен қамти отырып «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды тарату тарих тұңғиығына терең бойлауға мүмкіндік береді.

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерінің айтуынша,  әрбір мемлекет өз дербестігін сақтап қалуы үшін тарихи жадыны нығайтуға күш салуы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының өзектілігін көрсетеді. Қазақ мәдениеті мал бағып, егін салған ру-тайпалардың материалдық әрі рухани мәдениетінің мұрагері болып, оларды жаңа сарынмен байыта сақтап отыр.

Музей қызметкерлері, мұражайлар мемлекет пен халық жылнамаларының негізгі қоймасы екендігін түсінгендіктен, Мемлекет басшысының мақаласына бірауыздан қолдау білдірді. Музейлер түрлі дәуірлердің заттай айғақтарын сақтап, тарихи шындықты тіктеумен қатар, білім беру және коммуникациялық орталық қызметін де атқарады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ҚХА және ӘГП кафедрасында өткен отырыста Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болғаны айтылды. Онда Мемлекет басшысы тарихи сананы жаңғыртудың 6 жаһандық жобаны қамтитын нақты бағдарламасын ұсынды.

Осы жобаларды іске асыру ата-бабалардың көпғасырлық мұрасының өзектілігін арттырумен қатар, жалпы, гуманитарлық ғылымдарды дамытуға серпін береді. Ұлы даланың әлемдік тарихтағы  орнын жаңа қырынан тану, заманауи Қазақстанның сол тарихтың бір бөлігі екенін сезіну қазақстандықтардың отансүйгіштік сезімінің артуына, Қазақстанның әлемдік мәдениет кеңістігіне интеграциялануына ықпал ететін қуатты алғышарт болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар