Елбасы мәртебесін заңнамалық деңгейде нақтылау аяқ астынан туындаған мәселе емес - Ә. Жолшыбеков

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑Елбасы мәртебесін заңнамалық деңгейде нақтылау аяқ астынан туындаған мәселе емес.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президентінің мәртебесін нақтылауға қатысты заң жобасына бастамашылық жасаған депутат Әмзебек Жолшыбеков журналистерге берген сұхбатында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден - заң жобасына бастамашылар еліміздің Мемлекет басшысының бастамаларына, оның ерен еңбегіне қанықпыз. Тарихқа жүгініп - Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде өз алдына дербес ел болғандардың барлығымен салыстырып қарайық. Өткен он тоғыз жылда әр мемлекеттің даму деңгейі әртүрлі болды. Құдайға шүкір Қазақстан бүгінгі күні экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуда оң нәтижелерді бағындырды. Біз осы мемлекетте тұрғанымызға қуанатын болдық. Ал бұны айту қаншалықты жеңіл болғанымен, оны қалыптастырудың соншалықты қиын болғанын сезінуге тиіспіз. Осы тұрғындан алғанда ҚР Президенті «алдымен экономика, содан кейін саясат» ұранымен ел дамуын сатылап жүргізді», деді Ә. Жолшыбеков.

Сонымен бірге, Елбасының ерен еңбегіне тоқтала келе депутат, Тұңғыш Президент-Ұлт Көшбасшысы мәртебесін нақтылау аяқ астынан туындаған мәселе емес екендігін алға тартты. Оның айтуынша, бастамашыл депутаттар тобы былтырғы жылдың күзінен бері сайлаушылардың үндеулері, тілек-ниеттерін ескере келе бұлардың барлығын бірегей заң жүзінде қалыптастырып, көрсетуге тырысқан.

«Біз заң шығарушылармыз, білікті заңгерлер де біздің бастамамызға көп жәрдем берді. Сондықтан да бұндай бастама мәселесіне түсіністікпен қарау керектігін сұраймыз», деді Ә. Жолшыбеков.

Соңғы жаңалықтар