Елбасы: Машина құрылысы Қазақстанның индустриялық дамуының келесі кезеңінің локомотиві болуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Машина құрылысы Қазақстанның индустриялық дамуының келесі кезеңінің локомотиві болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның машина жасаушылары форумының қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде айтылған.

Елбасы: Машина құрылысы Қазақстанның индустриялық дамуының келесі кезеңінің локомотиві болуы тиіс

Президенттің құттықтау сөзін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов оқып берді. «Соңғы төрт жылда Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсімнің қарқынын көрсетіп отыр. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығын жүзеге асыру кезеңінде салада өндіріс көлемі екі еседен астам көрсеткішке артты», - деген Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент локомотив, жолаушылар пойыздарының өндірісі, автокөлік, автобустар, жүк машиналарының шығару, сондай-ақ энергетикалық саладағы машина жасау секілді бағыттар дамып келе жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы өз сөзінде бірлескен өндірісті құру арқылы Қазақстанда әлемдік алдыңғы қатарлы компаниялар сәтті жұмыс істеп жатқандығына тоқталды. Президент бүгінде бірқатар танымал брендтер Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау сатысында тұрғандығын айта келе, бұл өз кезегінде инвесторлар тарапынан ел экономикасының болашағына үлкен сенімін байқатып отырғандығын жеткізді. «Инвестициялар туралы» Заңға түзетулерге байланысты Үкімет әлеуетті инвесторлармен жүйелі жұмыстарды атқаруда және жақын болашақта жаңа жобалар бойынша инвестициялық келісімдерді бекітудің куәгері болатынымызға үміттіміз. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін біз Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға кірісеміз. Осы бағдарламадағы басымдықты 14 саланың 6-ауы машина жасау саласына қатысты. Машина құрылысы Қазақстанның индустриялық дамуының келесі айналымының локомотиві болуы тиіс», - делінген Мемлекет басшысының сөзінде. Осы орайда Елбасы саланы өркендетуге мемлекет айрықша мән беріп отарғандығын қадап айтты. -0-