20:27, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елбасы Мәскеу және бүкіл Русьтің Патриархы Кириллге оның Орыс Православие шіркеуінің дінбасы болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу және бүкіл Русьтің Патриархы Кириллге оның Орыс Православие шіркеуінің дінбасы болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Православтық епархияның таңдауы Сіздің Шіркеу мен қоғам алдындағы зор үлесіңізге және діндарлардың игілігі жолындағы, соның ішінде әлемдік діндер арасындағы диалогты орнықтырудағы қажырлы еңбегіңізге берілген жоғары бағаның айғағы екеніне сенімдімін», - делінген жеделхатта.Мемлекет басшысы Мәскеу және бүкіл Русьтің Мәртебелі Патриархы Кириллді 2009 жылғы шілденің 1-2-сі күндері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті ІІІ съезіне қатысуға шақырды.