15:27, 29 Маусым 2021 | GMT +6
Елбасы Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.
Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың болашағы мен өңірдегі жағдай бойынша күн тәртбінде тұрған өзекті мәселелер сөз болады»,-деп жазды Айдос Үкібай.