Елбасы «Медеу» спорт кешеніндегі жөндеу жұмыстарымен танысты

sp;  АЛМАТЫ.  Қарашаның  24-і. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы  «Медеу» спорт кешенінде болды.   Мемлекет басшысын   қала әкімі Ахметжан  Есімов осындағы    жөндеу  жұмыстарының барысымен таныстырып,     мұз  айдынының   желтоқсанның 16-сы күні  ашылатынын, қазіргі  таңда   кешендегі  жөндеу  жұмыстарының 80 пайызға орындалғанын,  енді тек әрлеу  жағы  қалғанын жеткізді.

Елбасы «Медеу»  спорт кешеніндегі  жөндеу  жұмыстарымен  танысты

 Жалпы  «Медеу спорт»  кешеніндегі   қайта  жаңарту   жұмыстары 2008   жылдың  қазан  айында басталған  болатын.      Тапсырыс беруші - Алматы  қаласының    Дене шынықтыру  және спорт басқармасы,  бас мердігер - «Real-Инжиниринг»  ЖШС.

 8500 орындық     «Медеу» спорт  кешенінде  2011 жылғы  қысқы Азия  ойындары  бағдарламасына кірген спорт түрлерінің  ішіндегі  бендиден  жарыстар   өтетін  болады.