Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановты қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановты қабылдады

Мемлекет басшысы кездесу барысында Жәнібек Кәрібжановтың Қазақстанды дамытуға және ел тәуелсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Кәрібжановтың маңызды мемлекеттік лауазымды қызметтерде өзіне жүктелген барлық міндетті зор жауапкершілікпен атқарғанын айтты.