17:52, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Елбасы мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді - М.Жолдасбеков
АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді», - деді Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп қана қоймай, қазақ тілін жетік білетіндігін көрсетті. «Емтихан 1 сағат 27 минутқа созылды. Шығарманы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан» деген тақырыпта жазды», - деді комиссия төрағасы.