Елбасы Н.Назарбаев Астанада ашылған 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысушыларды құттықтады

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада салтанатты түрде ашылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген олимпиада қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хат жолдады.
None
None

Құттықтауды ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев оқыды.

«100-ден астам ел өкілдерін жинаған жастардың бұл ғылыми форумы Қазақстанда алғаш өткізіліп отыр. Оның өткізілу орны ретінде Астананың таңдалуында терең мағына жатыр. Біріншіден, негізін Әл-Фараби мен Әл-Хорезми секілді белгілі ғалымдар қалап кеткен - шығыстың ежелгі математикалық мектептерінің мұрагері - біздің еліміз үшін бұл үлкен мәртебе. Бұл қазіргі заманғы математиканың дамуына қазақстандық ғалымдардың қосып жатқан сүбелі үлестерінің мойындалуы. Бұл - 1992 жылдан бастап халықаралық математикалық олимпиадаларға қатысқан қазақстандық жастардың бірлесіп жеткен жетістіктеріне берілген аздаған баға», - делінген Елбасының құттықтауында.

Сондай-ақ ҚР Президенті, Астанада өткен математикадан халықаралық олимпиада біздің жастарымыз үшін достықты нығайтуға, әлемдегі құрбы-құрдастарымен ғылыми идеялармен және таланттармен алмасуға жаңа ынта береді деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар