Елбасы Н. Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Мугунхва» орденімен марапатталды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденімен марапатталды.
Қазақстан басшысына бұл орденді бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан мен Кореяның достық байланыстарының дамуына зор үлес қосқаны үшін өз кезегінде Президент Ли Мён Бак Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды. Айта кетейік, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп отыр.
Соңғы жаңалықтар