Елбасы Н.Назарбаев оңтүстіктегі 3 облыстың әлеуетін белсенді пайдаланып, Алматының азық-түлік белдеуін құруды жүктеді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы толығымен өзіндік азық-түлікпен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиын барысында айтты.

Елбасы Н.Назарбаев  оңтүстіктегі 3 облыстың әлеуетін белсенді пайдаланып, Алматының азық-түлік белдеуін құруды жүктеді

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта оңтүстік астананың азық-түлік белдеуін құру бойынша кешенді жоспарының жоқ екендігін атап өтті. Осыған орай Елбасы Алматы және Алматы облысының әкімдеріне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берді.

«Не және қайда салынатын болады, облыстардың қандай аудандарын тарту керек? Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын тарту қажет. Олар үшін бұл - нарық, ал қала үшін - азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу және аса маңызды азық-түлік бағасының көтерілуіне мүмкіндік бермейді», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің атап өтуінше, қазіргі таңда көкөніс өңдеу және қалбырлау, шырын шығару кәсіпорындары небәрі 25 пайыз ғана қамтамасыз етілген. Қолда бар қуатты ауыл шаруашылығы тауарларын шығарушылардың өнімдерімен қамтамасыз ету қажет. Осыған ұқсас жайт сүт және ет өңдеуде де байқалады. Қуаттылық бар, дегенмен олар пайдаланылмайды. Қалалық кәсіпорындар тоқтап қалуға жақын. Соның нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының құны қымбаттауы мүмкін. Сондықтан шаралар қабылдау қажет.