Елбасы Н. Назарбаевтың атына халық тарапынан 40 мыңнан астам сауал келіп түсті

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін, қарашаның 12-сіне дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай Астанада жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына қазақстандықтардың тарапынан 40 мыңнан астам сауал келіп түсті,

Елбасы Н. Назарбаевтың атына халық тарапынан 40 мыңнан астам сауал келіп түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сауалдардың басым бөлігі халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй мәселесіне арналған. Қазіргі кезде осы санаттағы сұрақтар барлық хат-хабарлардың  40 пайызын қамтиды. Бұдан кейін заң бұзу, білім беру, банк жүйесі және адам құқықтары саласындағы мәселелер келеді. Сауал қою жағынан Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары көш бастап келеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президентінің тікелей желісінің байланыс орталығына Украина, Армения, Түркия, Монғолия, АҚШ, Әзірбайжан және тағы басқа елдердегі азаматтар хабарласуда.

Байланыс орталығының мамандары хабарлағанындай, соңғы кезде Елбасыға СМС арқылы түскен сауалдардың саны көбейіп келеді.

Айта кетейік, Елбасы Н. Назарбаевтың халықпен тілдесуі ертең, қарашаның 13-і күні кешкі сағат 18.00-де басталады.