Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен ҚХА-ның мерейтойлық салтанатты концерті өтті
Мәдени кеш барысында Қарағандының «Шолпан», «Вайнах», Алматының «Наири», «Бахар», «Рухсара», Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Туған жер» би ансамбльдері мен елорданың «Astana Ballet» хореографиялық ансамблі өз өнерлерін паш еттті. Ресей Федерациясынан келген Мемлекеттік Омбы орыс халық хорының би тобы да өз өнерлерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ концерт барысында Татарстан, Армения, Әзірбайжан, Украина, Ресейден келген халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары өздерінің халық әндерін орындады.
Кеш шымылдығы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Толқын Забированың, халықаралық конкурстардың лауреаттары Игорь Благодарный мен Равшан Саидходжаевтың орындауындағы «Мәңгілік ел» вокалды-хореографиялық композициясымен жабылды.