Елбасы Н. Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі партияға ерекше жауапкершілік жүктейді - Қ. Ақсақалов

АНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 3 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда Елбасы Н. Назарбаевтың айқын жеңіске жетуі «Нұр Отан» партиясына ерекше жауапкершілік жүктейді.

Елбасы Н. Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі партияға ерекше жауапкершілік жүктейді - Қ. Ақсақалов

Бүгін «Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстан төрағалығының күн тәртібі» атты тақырыпта өткен семинар-тренингте «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасарны Құмар Ақсақалов осылай мәлім етті.

«Нұр Отан» ХДП Лидері, Елбасы Н. Назарбаевтың сайлаудағы айқын жеңісі бізге, партиямызға барлық реформаларды жүзеге асыру үшін ерекше жауапкершілік жүктейді», - деді жиынды ашып сөз сөйлеген Қ. Ақсақалов. Оның айтуынша, бүгінгі семинар Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуге дайындық барысындағы басымдықтарды талқылау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл ретте Қазақстанның ислам әлемімен экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктері, ислам экономикасының қағидаттарын қолданудағы басымдықтар туралы мәселелер талқылану мақсат етіледі. Бұдан бөлек, жиын барысында Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы барысында сыртқы саяси бастамалардың сарапты талдауы қажеттілігі айтылды.