Елбасы Назарбаев Универсиеті түлектеріне кәсіпорындарда жұмыс істеуге кеңес берді

«Бүгінде біз сіздер сияқты мамандарды қажетсініп отырмыз. Сондықтан, сіздерді ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың өндірісіне батыл баруға шақырамын», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті биылғы түлектердің жартысына жуығы оқуларын жалғастыруға ниет танытып отырғанын айта келе, қалғандарына кәсіпорындарда жұмыс істеуге, тәжірибе жинауға кеңес берді. Ал Назарбаев Университеті басшлығына түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесімен тыңғылықты айналысуды тапсырды.
«Еліміздің ұлттық холдингтері мен копаниялар, мемлекеттік органдар мен Үкіметтің өзі халықаралық деңгейдегі отандық мамандарға мүдделік танытулары тиіс және Назарбаев университетімен олады жұмысқа орналастыруда бірлесе жұмыс істеулері қажет. Университеттің қамқоршылық кеңесі мен басшылығы бұл мәселемен айналысуы және нақты ұсыныстармен Үкіметке шығу тиіс», - деді Н.Назарбаев.