Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ жеріне кезінде қадам басқан өзге этнос өкілдері осы «жерұйық» өлкеден бақытын тапты

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақ елі адамдарды нәсіліне қарамай, ешкімді де алаламай, құшағына басып келеді, деді Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтау сөзінде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ елі адамдарды нәсіліне қарамай, ешкімді де алаламай, құшағына басып келеді. Қазақ жеріне кезінде тағдырдың жазуымен қадам басқан өзге этнос өкілдері осы «жерұйық» өлкеден бақытын тапты»,-деді Президент.

Н. Назарбаев елімізде этнос өкілдерінің басын біріктіретін құтты шаңырақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 15 жыл толғанын айта келе, осы уақыт аралығында бұл ұйым өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін атап өтті.

«Біз бір отбасының балаларындай, ортақ Отанның аясында өмір сүріп жатырмыз. Отаны бірдің жүрегі бір, тілегі бір, қаны мен жаны бір. Ел бірлігі деген қасиетті ұғым - тәуелсіздікті нығайту, тұтастықты сақтау, ұлтты ұйыстыру, мемлекетті өркендету. Әрдайым осы бірлігімізден айырылмайық, татулығымдан танбайық, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік, ағайын»,- деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар