Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық артисі, дарынды актер Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат. «Құдайберген Тәуекелұлы өзінің актерлік дара дарынымен халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне бөленген өнер иесі еді. Оны жұртшылық М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының артисі ретінде жақсы білді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық артисі, дарынды актер Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Әйгілі «Тамаша» ойын-сауық отауының іретасын қалаушылардың бірі болып, сонда сомдаған сан қырлы, айшықты рөлдері арқылы халыққа кеңінен танылды. Зор абырой-беделінің арқасында Парламентке депутат болып сайланды. Еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды деп ойлаймын», - делінген жеделхатта.