Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Киевте өтетін ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі Саммитке қатысатын болды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 19 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Киевте өтетін Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі Саммитке қатысады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытта өздерінің аталмыш Саммиттке қатысатындықтарын Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттерінің басшылары мен үкімет басшылары және БҰҰ-ның Бас хатшысы, МАГАТЭ, Еуропалық комиссия, Еуропалық даму және қайта құру банкі сияқты өзге де бірқатар халықаралық ұйымдардың жетекшілері растаған.
«Алдағы Саммитке Қазақстан басшысының қатысуы еліміздің қарусыздану мен оны таратпау ісіне айтарлықтай үлес қосып отырғандығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен атом энергиясын тек бейбіт мақсатта ғана пайдалану жөніндегі принципті позициясының көрінісі»,-деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Саммиттің нәтиежелері бойынша арнайы Декларация қабылдау көзделіп отыр. Онда ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің таратпау жөніндегі режимін нығайту талаптарын қамтамасыз етудің аса қажеттілігі айтылған. Сондай-ақ аталмыш құжатта мемлекеттердің ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқығы, ядролық қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттерді ядролық энергетика саласындағы инновациялық процеске тарту мәселесі қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум