Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түскен сауалдардың саны 5 мыңға жуықтады

АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына 5 мыңға жуық сауал келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

 Бүгін халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне арналған сауалдар бірінші орынға шығып отыр. Осыдан кейін тұрғын-үй, заң бұзу және білім беру саласында қордаланған проблемалар келеді. Әдеттегідей, Президентке жолданған сұрақтар Астана және Алматы қалаларынан көптеп түсуде. Аймақтық көлемде алғанда, Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары жоғары белсенділік танытуда.  Сондай-ақ Ресей мен АҚШ елдерінен хабарласып жатқан азаматтар да бар.

 Естеріңізге сала кетейік,  2009 жылы  қарашаның 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары және «Қазақ радиосы», «Астана радиосы» бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телеэфир, телефон интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады. Сұрақтарды республика бойынша +7 (7172) 555-777 телефоны мен  KCell, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысын пайдаланушылар үшін СМС хабарламалары арқылы 1111 нөміріне жіберуге болады. Сондай-ақ  
www.line.gov.kz сайтының тиісті тармағын пайдалана отырып, бейнесұрақты жолдауға болады. Ал жазбаша сауалды vopros@akorda.kz электрондық мекенжайына жіберуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «Қазақтелеком» ұсынған байланыс тегін болса, ұялы телефондарға арнайы төлемдер қарастырылған. «Тікелей желі» кезінде Елбасының назарына ілікпей қалған сауалдарға тиісті мемлекеттік органдар бір айдың көлемінде жауап әзірлеп, сайтқа орналастыратын болады. Ал Интернеті жоқ ауылдық жерлер үшін әкімдіктер жанынан қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылған.

Соңғы жаңалықтар