Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ең бірінші Анкарада емес, Астана қаласында орнатылуы тиіс - депутат Т. Сыздықов

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астанада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Анкара қаласынан бұрын орнатылуы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Тито Сыздықов осындай бастама көтеріп, мәлімдеме жасады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында Түркия Президенті Абдолла Гүлдің Қазақстанға сапары барысында халықпен кездесіп, сөйлеген сөздерінде түрік басшысы Қазақстан жұртшылығына үлкен құрмет көрсетіп сүйіспеншілігін танытты. Сонымен бірге біз кеше Түркия Президенті Абдолла Гүлдің түркі халықтарының алдында сіңірген ерен еңбегі үшін Анкара қаласының орталығына ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ескерткіші орнатылатыны туралы мәлімдемесін естідік. Бұл шын мәнінде түркітілдес халықтардың арасындағы өз көшбасшысына көрсетілген зор құрметтің үлгісі», деді Т. Сыздықов.

Сонымен бірге депутат Анкара қаласының орталығында Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастырып, оның орнықты дамуы үшін зор үлес қосқан Н. Назарбаевтың ескерткіші болатыны ұлтымыз үшін үлкен мақтаныш екенін, мұның Елбасы абыройын одан сайын асқақтата түсетінін атап өтті. «Осы мәселеге менің жеке азаматтық көзқарасымды білдіргім келеді. Неге Қазақстанның астанасында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың ескерткіші Анкара қаласында салынатын ескерткіштен бұрын орналаспауы керек. Шындығында осы мәселені Парламент депутаттары айқындап, оның дұрыс шешім табуы үшін нақты қадамдар жасауы игі», деді Т. Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар