Елбасы облыс әкімдерінің жұмысы қалай бағалануы керектігін атап көрсетті

«Облыс әкімдерінің жұмысын бағалау жүйесі дұрыс емес. Әкім мен облыстың жұмысын көрсететін 96 көрсеткіштің 46-сы қолданыстағы статистика болса, қалған 50-і жаңадан ойлап табылған. Бұны кім ойлап тапқан? Әкімнің басты міндеттері мыналар болуы керек: өңірге инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, сапалы жұмыс орындарын құру, мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, тұрғын үй құрылысы мәселелері, жастарды еңбекпен қамту. Болды, әкімнің жұмыс көрсеткіші осымен бағалануы шарт. Ал біздің министрліктер өздерінің жұмыстарын әкімнің мойнына жүктеп қойған. Жоғарыда мен атаған шаралар орындалса, облыстың жағдайы жақсы деген сөз», - деді Н. Назарбаев.
Соған орай, Елбасы арнайы мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.